Ресми! Жоао Пауло "Қайрат" сапына ауысты

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Шымкенттік "Ордабасы" клубының шабуылшысы Жоао Пауло "Қайрат" сапына ауысты. Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты хабарлады. 

Пауло осыдан екі күн бұрын "Астана" командасымен келіссөз жүргізген. Бірақ тараптар бір мәмілеге келе алмады. Сөйтіп футболшы Алматы қаласына ұшып кетті. Бүгін "Қайрат" өзінің ресми сайтында шабуылшының командаға ауысқанын хабарлады. 

Жоао Пауло да Силва Араужо 1998 жылы 2 маусымда Натал (Бразилия) қаласында дүниеге келген. АБС футбол клубының тәрбиеленушісі. 

Карьерасын 2007 жылы бастаған. Бразилия, Оңтүстік Корея және Болгария елдерінде түрлі командаларда ойнаған, 2019 жылы "Ордабасы" командасына ауысқан. 

Өз карьерасында ол 314 кездесу өткізіп, 101 соғып, 38 ассист жасаған. 

 

Метки:
Жаңалықтар