Ресей біріншілігінде ойнаған футболшы "Астана" сапына бақылаудан өтуге келді

Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Молдавиялық футболшы Валерий Чуперка елордалық "Астана" командасы сапында бақылаудан өтуге келді,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Бұл жігіттің Молдава елінің азаматтығынан бөлек, Ресей елінің де азаматтығы бар. Ол өз карьерасында молдавалық "Академия УТМ", ресейлік "Краснодар", "Енисей", "Спартак-Нальчик", "Анжи", "Томь" және "Балтика" командаларының намысын қорғаған. 

Чупреканың соңғы командасы "Тамбов" болды. Бұл команданың сапында жартылай қорғаушы 2018 жылдан бері ойнап келеді. 2020/21 жылғы маусымда ол Ресей біріншілігінде 16 кездесу өткізіп, екі гол соққан. 

Transfermarkt басылымы бұл футболшының құны 800 мың еуро деп жазды. 


Метки:
Жаңалықтар