Молдавиялық футболшы Валерий Чуперка елордалық "Астана" командасы сапында бақылаудан өтуге келді,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Бұл жігіттің Молдава елінің азаматтығынан бөлек, Ресей елінің де азаматтығы бар. Ол өз карьерасында молдавалық "Академия УТМ", ресейлік "Краснодар", "Енисей", "Спартак-Нальчик", "Анжи", "Томь" және "Балтика" командаларының намысын қорғаған.
Чупреканың соңғы командасы "Тамбов" болды. Бұл команданың сапында жартылай қорғаушы 2018 жылдан бері ойнап келеді. 2020/21 жылғы маусымда ол Ресей біріншілігінде 16 кездесу өткізіп, екі гол соққан.
Transfermarkt басылымы бұл футболшының құны 800 мың еуро деп жазды.