КПЛ
13 қаңтар 2021 15:47

Премьер-лигаға қатысатын соңғы команда белгілі болды

Сурет "Арыс" сайтынан алынды.
Қазақстан Премьер-лигасының 14-ші қатысушысы белгілі болды. Бұл Түркістан облысының намысын қорғайтын "Арыс" клубы болмақ. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Клуб тарихы:

2002 жыл - "Костуин" деп аталатын әуесқой команда құрылды;

2003 жыл - "Костуин" кәсіби клуб мәртебесін алып, Бірінші лигада ойнай бастады;

2004 жыл - клуб "Арыс" болып өзгертілді, бірақ жыл соңында команда таратылды;

2018 жыл - "Арыс" клубы қайта жанданып, Екінші лигада ойнай бастады;

2019 жыл - "Арыс" Екінші лигада екінші орын алып, Бірінші лигаға жолдама алды;

2020 жыл - "Арыс" Бірінші лигада өз конференциясында екінші орынға ие болды

2021 - Премьер-лиганың 14 командаға дейін ұлғаюына байланысты "Арыс" өз тарихында бірінші рет жоғарғы дивизионда өнер көрсетеді.

Еске салайық, команданың бас жаттықтырушысы - қазақстандық маман Абдухалик Бөрібаев. Оның штабында белгілі сарапшылар Фархадбек Ирисметов пен Юрий Новиков, сондай-ақ өткен маусымда аянбай еңбек еткен Кулдош Ешджанов бар.