КПЛ
13 мамыр 2018 22:07
 
Премьер-лига. "Астана" ұтып, "Қайрат" ұтылды

  Пікірлер

blog.share

Премьер-лига. "Астана" ұтып, "Қайрат" ұтылды

Футболдан ел премьер-лигасының Х турындағы 5 ойын аяқталды. Ал "Жетісу" мен "Ордабасы" арасындағы кездесу ертең өтеді.

Көш басында келе жатқан "Астана" ұпайдан шашау шығармады. Сырт алаңда "Атырауды" 2:0 есебімен ұтты. Ойында елордалық командаға жеңіс сыйлаған голдарды Патрик Твумаси мен Марин Томасов соқты.

Алматының "Қайрат" клубы Қостанайда "Тобылдан" ұтылып, ұпай жоғалтты. Ойын соңында Танат Нөсербаевтың соққан голын голын жергілікті жанкүйерлер жасыл алаңға шығып тойлады.

Қарағандының "Шахтер" командасы өз алаңында "Ертіске" есе жіберді. Ойынның аяқталуына санаулы минут қалғанда Игорь Пикалкин өз қақпасына гол соғып алып, сан соқты.

Петропавлда өткен "Қызылжар" мен "Қайсар" клубтары арасындағы ойында гол соғылмады. Негізі 85 минутта алаң иелері сапынан Братислав Пуношевац гол соққан. Қапталдағы төреші оффсайдта қалғанын аңғарып, голды есепке алған жоқ.

"Ақтөбе" мен "Ақжайық" арасындағы аса тартысты өтті. Ойында барлығы 8 гол соғылды. Алаң иелері 67 минутқа дейін қонақтар қақпасына 5 гол соғып үлгерді. Маркос Пизелли мен Рейналдо дубль жасаса, бір голды Бағдат Қайров соқты. Ал қонақтардың ойыны 73 минуттан бастап алға басты. Сергей Басов, Адринсеола Эсеола мен Малик Мане бір-бір голдан соғып, "Ақжайықты" ірі есеп айырмасымен жеңілуден құтқарды.

Айта кетейік, Х турдағы ойындар қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаевты еске алумен басталды. Футболшылар даңқты ойыншының суреті салынған жейдені киіп алаңға шықты.

Жарнама

Живи спортом!