Футболдан Қазақстан чемпионатының биылғы маусымы аяқталған кезде елордалық "Астана" командасының жеті футболшысының командамен келісімшарты аяқталады,- деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Тарқатып айтсақ, маусым соңында Ненад Эрич (биылғы маусымда 13 ойын), Юрий Логвиненко (12 ойын), Дмитрий Шомко (13 ойын), Евгений Постников (11 ойын), Дидар Жалмұқан (10 ойын, 2 гол), Иван Маевский (12 ойын), Алексей Щеткин (11 ойын, 4 гол) секілді футболшылардың келісімшарты аяқталады.
Бұл ойыншылардың кейбіріне жаңа келісімшарт ұсынылуы да мүмкін. Ал кейбіреулері командадан кетеді.
Айта кетейік, ел біріншілігінің 19-турынан кейін "Астана" командасы турнир кестесінде үшінші орында келеді.