"Порту" командасының тәлімгері "Қайратқа" ауысты

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Рикарду Алвеш "Қайрат" сапына ауысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Рикарду Алвеш Коэлью да Силва 1993 жылы 25 наурызда Лороза (Португалия) қаласында дүниеге келген. 

Жартылай қорғаушы - "Порту" командасының тәлімгері. 

Карьерасын 2012 жылы "Белененсеш" командасы қатарында бастаған. Сондай-ақ "Портимоненси", "Рапид" (Бухарест), словениялық "Олимпиа" (Любляна) және ресейлік "Оренбург" пен "Крылья Советов" командаларында ойнаған. 

Жалпы өз мансабында 188 кездесу өткізіп, 25 гол соғып, 21 голдық пас берген. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар