auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ойға алған жоспарларымыз іске асады деп үміттенемін. Смақов ресми түрде "Ақтөбенің" директоры атанды

Ойға алған жоспарларымыз іске асады деп үміттенемін. Смақов ресми түрде "Ақтөбенің" директоры атанды
Сурет "Ақтөбе" клубының ресми сайтынан алынды.
Ақтөбе облыстық әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен Самат Смақовтың кездесуі өтті. Кездесу барысында аты аңызға айналған футболшы еліміздің бес дүркін чемионының бас директорлық қызметіне ресми тағайындалды.

Самат Кабирұлының клуб басшысы ретіндегі таныстырылымы қаңтар айының басында "Ақтөбе" клубының кеңсесінде өткен болатын, алайда, барлық құқықтық мәселелер бүгін ғана шешілді. Самат Смақов өз қызметіне ертеңнен бастап кіріседі.

Самат Кабирұлы, біріншіден, біз сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз. Құқықтық мәселелер оңынан шешіліп, сіз «Ақтөбе» ФК бас директоры ретінде келісімшартқа қол қойдыңыз. Сізді қаңтар айының басында көпшілікке таныстырғалы бері, сіз тек бүгін ғана ресми тағайындалдыңыз. Қандай әсердесіз?

-5 қаңтар күні мен директор ретінде таныстырылғаныммен, осы уақытқа дейін менің қолымда еңбек шартым болған жоқ. Осы үш аптаның ішінде бар құжаттармен танысып шығам дегенше мен өзімді қоярға жер таппадым. Нақты футболмен айналысатын уақытым болған жоқ. Ештеңеге үлгере алмадым. Себебі мен спорттық директормен бірге команданың оқу-жаттығу жиынында болып, оларды қарап, араласуым керек еді. Бірақ әр нәрсенің қайыры бар дегендей, клуб кеңсесінде болған уақытымда көп дүниеге қанықтым. Облыс басшылығына, қаржы басқармасына қажетті құжаттарды жеткіздім. Біз мән-жайды анықтап, Ақтөбе футболын көтеру үшін, команданы өз биігіне қайта әкелу үшін бірге жұмыс жасаймыз деп шештік.

-Клубтың қарыздары көптеген жанкүйерлерді толғандырады. Сот шешімдері бар, олар қандай жолмен шешілмек?

-Жалақы бойынша қарыздар көп. Сотта қаралған істер де бар. Әр футболшымен жеке-жеке сөйлеспекпін. Біз олармен есептеспейміз демеймін, бірақ әрқайсысымен сөйлесіп, төлем жасаудың жолдарын қарастырамыз, екі жаққа да тиімді тұстарын талқылаймыз, бәлкім, бір жылда бөліп-бөліп төлейтін болармыз. Бірақ, бәрінің қарыздарын қайтарамыз.

-Бүгін команданың алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Алғашқы жиын кіріспе ретінде қарастырылғанымен, команда қосынында бірнеше жаңа ойыншылар бар. Жалпы, бірінші ОЖЖ қалай өтті? Екінші ОЖЖ-на қандай жоспарларыңыз бар?

-Жиын аяқталғаннан кейін әлі де бас бапкермен сөйлескенім жоқ. Бүгін сөйлесемін. Бұл жиында көбіне жергілікті жас ойыншыларға басымдық берілді. Екінші оқу-жаттығу жиынында мүлде басқа команда болады деп ойлаймын. Ол жаққа келетін жаңадан келген ойыншылар бізде қалар болса, оларға биік мақсат қойылатын болады. Қайталап өтейін, екінші жиында мүлде жаңа команда болады. Мен өзім команда қосынына барып, сол жақта Ұлықбек Пахритдинұлымен бірлесе ойыншылармен кездесіп, келісімге келмекпіз. Екінші жиында келісімшарттар да болады. Әр ойыншының өзімен, агенттерімен сөйлесетін боламыз. Кім «Ақтөбеге» көмектескісі келсе, сол адам бізде ойнайтын болады. Ойға алған жоспарларымыз іске асады деп үміт етемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама