"Ордабасының" лидері екі ойыннан шеттетіліп, "Шахтерге" айыппұл салынды

Сурет: ҚФФ
"Ордабасы" футбол клубының ойыншысы Абдулла Диакате қарсыласына дөрекілік көрсеткені үшін алдағы екі ойыннан шеттетілді. Мұндай шешімді Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті (ТБК) шығарды. 

Сенегалдық футболшы Қазақстан біріншілігің үшінші туры барысында "Шахтерге" қарсы кездесуде қарсыласына дөрекілік көрсетіп, бейәдеп сөз айтқаны үшін жазаланып отыр. Шешім 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ ТБК бес ойыншысы ескерту алғаны үшін "Шахтер" футбол клубына 27 АЕК (277 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салды. 

Еске салайық, аталған ойын 1 шілде күні Шымкент қаласында өтіп, 1:0 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды.  Бұл ойынның 75-минутында Диакате алаңнан қуылған болатын. 





Метки:
Жаңалықтар