КПЛ
19 шілде 2021 16:55

"Ордабасы" Тәжікстан құрамасының футболшысымен келісімшарт жасады

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.

Футболдан Тәжікстан құрамасы мен душанбелік "Истиклол" командасының жартылай қорғаушысы Мухаммаджон Рахимов "Ордабасы" командасына қосылды. Бұл туралы Sports.tj порталы хабарлап отыр. 

2018 жылы ол "Баркчи" командасында кейін "Хосилот" ұжымында ойнаған. Содан 2018 жылдың екінші жартысында "Истиклол" қатарына қосылған. 

Transfermarkt басылымы  22 жастағы жартылай қорғаушыны 275 мың еуроға бағалап отыр. 

Еске салайық, "Ордабасы" қаржылық қиындықтарға байланысты бірнеше көшбасшы ойыншымен қоштасқан болатын. Қазіргі уақытта команда Қазақстан чемпионатында 18 ойыннан кейін 27 ұпай жинап, бесінші орында келеді.