Шымкенттік "Ордабасы" командасы футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында "Тұраннан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Шымкентте өткен ойын 0:1 есебімен түркістандық команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 30-минутта Темірлан Әміров соқты.
Бұл ойынды "Ордабасы" командасы он ойыншымен аяқтады. 78-минутта Бағдат Қайыров қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Биыл ғана біріншілікке қосылған "Тұран" командасы үшін бұл өз тарихындағы бірінші жеңіс. Осы ойыннан кейін түркістандық команда 6 ұпай жинап, 12-орынға көтерілді. Ал "Ордабасы" болса 13 ұпаймен алтыншы сатыда.