КПЛ
31 наурыз 2017 18:00
 
"Ордабасы" өз алаңында "Оқжетпесті" ұтты

  Пікірлер

blog.share

"Ордабасы" өз алаңында "Оқжетпесті" ұтты ФК Оқжетпес

Футболдан ел преьер-лигасының IV тур ойындары Шымкенттегі "Ордабасы" мен "Оқжетпес" клубтары арасындағы кездесумен басталды. Ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті . 

Алғашқы минуттардан-ақ көкшетаулық команданы қыспаққа алған алаң иелері жиі шабуылдаумен болды. Алайда кездесуде бірінші болып "Оқжетпес" командасы есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар тұста Максим Федин өзіндегі мүмкіндікті оңтайлы пайдаланып, допты Алмат Бекбаев қорғаған қақпадан бір-ақ шығарды.

"Ордабасы" командасы ойындағы есепті 57 минутта теңестірді. Таңат Нөсербаев қорғаушылардың арасынан сытылып шығып, допты қақпа торында тулатты.

68 минутта Никита Бочаровтың алыстан шиіре тепкен добын "Оқжетпес" қақпашысы Саша Стаменкович сәтсіз қайтарды. Қақпашының қолынан серпіліп шыққан доп қақпа ішінен табылды. Одан кейінгі аралықта есеп өзгермеді.

Шымкенттік команда келесі ойынын 4 сәуір күні Қостанайда "Тобылға" қарсы өткізеді. Ал "Оқжетпес" "Ертіспен" ойнайды.

Жарнама

Живи спортом!