Футболдан Қазақстан құрамасына үміткер Бағдат Қайыров "Ордабасы" командасынан кетті.
Дереккөздің хабарлауынша, қорғаушыны "Астана" командасы өз қатарына қосқысы келген. Бірақ ол карьерасын басқа командада жалғастыруды жөн көрген. Ал Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, футболшы "Тобыл" командасына ауысады екен.
28 жастағы Қайыров биылғы маусымда "Ордабасы" сапында 14 кездесуге қатысып, бір гол соққан.
Ол Ақтөбе футбол мектебінің түлегі. Сондай-ақ қорғаушы карьерасында "Қайсар" және "Каспий" командаларының намысын қорғаған.
Transfermarkt ақпараты бойынша, бұл футболшының трансфердегі құны 500 мың еуро екен.