"Ордабасы" командадан бес футболшы кеткенін хабарлады

"Ордбасы" командасынан бес футболшы кетті, деп хабарлайды шымкенттік клубтың баспасөз қызметі. 

Олар Жоао Пауло, Рубен Бриджидо, Бағдат Қайыров, Тимур Досмағамбетов және Игорь Трофимец командадан кеткен. 

Пауло "Қайрат" сапына, Бриджидо мен Қайыров "Тобыл", ал Досмағамбетов "Таразға" ауысты. 

Бұл футболшылардың барлығы да шымкенттік командадан қаржылық қиындықтарға байланысты кеткен. 

Еске салайық, Қазақстан біріншілігінің 19 турынан кейін "Ордабасы" 27 ұпай жинап, бесінші орында келеді. 

Метки:
Жаңалықтар