КПЛ
20 қараша 2020 18:35

"Ордабасы" клубының 2020 жылға арналған бюджеті белгілі болды

Ағымдағы маусымның қорытындысы бойынша «Ордабасы» футбол клубы үздік үштікке кіруі керек,- деп хабарлады Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Клубтың бюджеті де белгілі болды.

«Ордабасы» кәсіби футбол клубымен 6 миллиард 250 миллион теңге көлемінде келісім жасалды. Алайда карантиндік шектеулерге байланысты ағымдағы жылдың қыркүйек айында 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау кезінде бұл сома 1 миллиард 472 миллион 708 мың теңгеге азайтылды. Осы уақытта қысқартылған қаражатты бұқаралық спортқа бағыттау (қайта бағыттау) бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді спорт басқармасы.

«Ордабасы» клубының алдында тұрған міндеттер туралы:

«Биылғы жылы «Ордабасы» футбол клубының басты міндеті - Қазақстан Премьер-лигасын үздік үштік қатарында аяқтау», - деп атап өтті ұйым.

Айта кетейік, «Ордабасы» 18 турдың қорытындысы бойынша «Астанамен» бірге 27 ұпай жинап, төртінші орында тұр. Алайда елордалық команданың қоржынында артық бір ойын бар.