"Ордабасы" актаулық "Каспийді" жеңіп екінші орынға көтерілді

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан біріншілігінің бесінші турында шымкенттік "Ордабасы" командасы актаулық "Каспиймен" кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойын бүгін, 21 тамыз күні Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы академияның стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 44-минутта шымкенттік команданың бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло соқты. 



Осылайша 10 ұпай жинаған "Ордабасы" командасы турнир кестесінің екінші сатысына көтерілді. Шымкенттік команданың еншісінде 6 ойын бар. Сондықтан олар келесі турға қатыспайды. 

Ал "Каспий" ұжымы биыл әлі де болса ұпай жинай алмай келеді. Ақтаулықтар төрт ойыннан кейін нөль ұпаймен оныншы орында тұр. 


Метки:
Жаңалықтар