КПЛ
6 сәуір 2017 14:47
 
"Ордабасы" 70 миллион теңгені қайда жұмсады?

  Пікірлер

blog.share

"Ордабасы" 70 миллион теңгені қайда жұмсады? ©fcordabasy.kz

Шымкенттік "Ордабасы" клубы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін клубтардың арасында қосымша ақша төлеп, тағы екі легионерді қатарларына қосқан команда атанды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Премьер-лиганың ережесі бойынша әр клуб 30 ойыншыдан артық футболшыны тіркей алмиайды. Ал оның ішінде тек 8 ғана легионер болуы керек. Дегенмен де клуб қосымша ақша төлек, қазақ футболының тәлімгерлеріне жатпайтын екі легионерді қатарына қоса алады. Мұндай әр футболшыны қатарына қосу үшін клуб 35 000 000 (отыз бес миллион) теңге төлеуі керек. Осының өзінде клуб 30 ойыншыдан артық футболшыны тіркей алмайды. 

Дәл осы мүмкіндікті "Ордабасы" клубы пайдаланып, тағы екі легионерді қатарына қосты. Қазіргі уақытта шымкенттік клубтың сапында Пабло Фонтанелло (Италия/Аргентина), Зоран Рендулич (Сербия), Абдуллаи Диакате (Сенегал), Никита Бочаров (Ресей), Кирилл Ковальчук (Украина/Молдова), Отар Марцваладзе (Грузия), Преслав Йорданов (Болгария), Александр Гейнрих (Өзбекстан), Александр Симчевич (Сербия) және Гогита Гогуа (Грузия) секілді он легионер бар. 

Осылайша қосымша екі легионер үшін клуб бюджетінен 70 миллион теңгеге шығындалды. Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін басқа клубтардың қатарында жеті не сегіз легионерден бар. 

Жарнама

Живи спортом!