Журналист әрі инсайдер кезекті мәрте Қазақстан біріншілігіндегі төрешілердің қателігі туралы жазды.
Оған себеп 18 турда "Ақжайық" пен "Тараз" командалары арасындағы кездесуде жамбылдық команданың қақпасына қойылған пенальти болды.
"Елордалық төреші Саят Қарабаев "Тараз" қақпасына пенальти белгілеп, оңбай қателесті. Мен бұл сәтті 15 рет қайталап көріп, пенальтидің не үшін белгіленгенін түсінбедім. Доп Шахметовтің қолына тимеді. Жамбасқа тиді.
Бірақ, Қарабаев бұл жағдайдан құтылып кетеді. Себебі төрешілер корпусының испаниялық жаңа басшысы Хуан Фернандес Марин ештеме шешпейді. Ал Қаратаев бұл корпустың бұрынғы басшысы Сергей Кенетаевтің адамы.
Төрешіні ары кеткенде бес ойынға шеттетеді. Өйткені, "Қызыл-Жар" мен "Атырау" арасында қателескен Алексей Шабановтың өзі өткен турда қайта оралып, "Тараз" бен "Тұран" арасында жұмыс істеді", - деп жазды автор.