Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы
Дмитрий Сычев мәскеулік "
Локомотив" жағажай футбол клубының сапында жаттығу өткізді, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі
Bicicleta.su.
33-жастағы футболшы жағажай спорты орталығында жаттығу жасап жүр. Әзірге, "Локомотив" сапында өнер көрсетуі-көрсетпеуі белгісіз.
Айта кетейік, Дмитрий Сычев 2015 жылдың желтоқсан айынан бері командасыз жүр. Соңғы командасы көкшелік "
Оқжетпес" болған еді.
Қазақстан Премьер-
Лигасында 19 ойынға қатысып, 3 гол соққан.
2016 жылы ресейлік шабуылшы Әзірбайжан, Малайзия және Вьетнам чемпионаттарында бағын сынап көрмек болған. Алайда ешқандай біріншілікте тұрақтай алмады.
Жарнама