26 жастағы Дмитрий Шмидт - Өскемен футболының түлегі. Еңбек жолын "Восток" клубында бастаған. Ол сонымен қатар"Алтай", "Ақжайы" және "Ертіс" клубтарында ойнады. Жалпы, ол Қазақстан премьер-лигасында 90 матч өткізіп, 1 гол соққан. ⠀
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Оқжетпеске" қарағандылық "Шахтердің" экс-қорғаушысы, 24 жастағы нигериялық Алию Абубакар қосылған болатын.