КПЛ
2 шілде 2020 17:23
 
"Оқжетпес" қорғаушысы нашар ойын үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады

  Пікірлер

blog.share

"Оқжетпес" қорғаушысы нашар ойын үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады Андрей Мищенко. Сурет "Оқжетпестің" сайтынан алынды.

Көкшетаулық "Оқжетпес" клубының қорғаушысы қайта жалғасқан Қазақстан біріншілігінде "Қызыл-Жар СК" командасына қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті. Клубтың ресми сайтына берген сұқбатында ол ойын барысындағы жіберілген қателіктерге команданың өзі кінәлі екенін айтты. 

Айта кетейік, Көкшетау қаласында өткен кездесу 3:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Мищенко сұқбат барысында бұл ойындағы қателіктер үшін кешірім сұрап, "Астанаға" қарсы өтетін келесі кездесуге жүз пайыз дайын болып шығатындарын атап өтті. 

- Ойынның басын, яғни алғашқы 15 минутты біз сәтсіз бастадық. Бұл уақыт аралығында басымдық "Қызыл-Жар" командасында болды. Содан соң кейін ғана біз өз ойынымызда таба бастадық. Бізде бірнеше гол соғып, ірі есеппен жеңетін мүмкіндік болды. Алайда көп мүмкіндікті пайдала алмадық. Сосын қарсыластарымыз гол соғып кетті. Бірнеше қателіктер жібердік. Бұған барлығы кінәлі. Оның ішінде мен де бармын. Өзімнен жауапкершілікті алып тастамаймын. 

- Қандай қателіктер жіберілді?

- Ең алдымен футболшылардың жеке қателіктері көп болды. Өз-өзіміге гол сұрап алдық. Енді маңыздысы дер кезінде жиналу. Қазір турнир кестесінде өзімізге лайықты орында келе жатқан жоқпыз. Мұны біз жақсы білеміз. Сондықтан да бұл қателіктерді дұрыстау керекпіз. Бізге ұпай қажет. Басқа жол жоқ. 

- Алдағы кездесу туралы не айта аласыз? Дайындықтарыңыз қалай?

- Біздің келесі кездесуіміз "Астанаға" қарсы өтеді. Төртінші турға қатыспаймыз. Сол себепті азулы қарсыласқа қарсы дайындалып алуға уақыт жеткілікті. Алдағы ойын қиын болады. Бірақ біз өзімізге сенуіміз керек. Біріншілік енді ғана басталды. Жақсы ойнау керекпіз. Бізге бүкіл қала мен облыс жанкүйер болғанын білеміз. Келесі кездесуде жақсы ойнап, жақсы нәтиже көрсету қажет. Барлығы дұрыс болады деп үміттенемін. 

Жарнама

Живи спортом!