"Оқжетпес" Қазақстан біріншілігіндегі бірінші жеңісіне қол жеткізді

Сурет "Оқжетпес" сайтынан алынды.
Көкшетаулық "Оқжетпес" командасы Қазақстан Премьер-лигасындағы бірінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Оқжетпес" бүгін, 26 тамыз күні Алматы қаласындағы Тимур Сегізбаев атындағы академияның стидонында "Тараз" командасымен кездесті. Бес гол соғылған ойында көкшетаулық ұжым 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Есепті "Тараз" командасы ашқан еді. 26 минутта Бауыржан Тұрысбек он бір матерлік айып добын сәтті орындады. Ал 46 минутта Санат Жұмақанов есепті теңестірсе, 74 минутта Жан Мартинс "Оқжетпест" алға шығарған. 

Бірақ кездесудің 86 минутында Бауыржан Тұрысбек екінші голды соғып, таразы басын теңестірген. Дегенмен де жамбылдық ұжым бұл нәтижені ұстап тұра алмады. 89 минутта сербиялық шабуылшы Марко Обрадович үшінші голды соғып, жеңісті жұлып кетті. 

Бұл "Оқжетпес" командасының биылғы маусымдағы бірінші жеңілісі. 3 ұпай жинаған Андрей Карпович шәкірттері турнир кестесінде 10-орынға көтелді. Ал қоржынында 5 ұпай бар "Тараз" жетінші орынға жайғасты. 

Метки:
Жаңалықтар