"Оқжетпес" бірден төрт қорғаушыны қатарға қосты

Көкшетаулық «Оқжетпес» ағымдағы маусымды ҚПЛ-де бастаған төрт қорғаушының командаға ауысқаны туралы хабарлады.

Командаға нигериялық Алию Абубакар, украиналық Тарас Бондаренко және қазақстандықтар Григорий Сартаков пен Дмитрий Шмидт қосылды. Барлық ойыншылар еркін агент ретінде ауысып келді.

24 жастағы Абубакар «Шахтерде» өнер көрсетті, 15 наурыз күні «Қайратпен» ойында (1:0) қосалқы құрамда қалды, бірақ Премьер-Лигада бір матч өткізіп үлгерді. Ол 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2013 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы

27 жастағы Бондаренко «Каспий» үшін үш матчқа шығып, «Астанаға» гол соққан болатын (2:3). Қазақстанға дейін, өзінің мансабында сербиялық «Раднички», «Металлацта», одан бөлек «Металлург», «Полтава» және «Авангард» клубтарының намысын қорғаған.

Қазақстан құрамасы үшін бір матч өткізген 25 жастағы Сартаков 2018 жылдан бері алаңға шықпады - ол жарақатынан емделді. Футболшы ағымдағы маусымды 31 мамырда ҚПЛ-дан шығып қалған «Ертісте» бастады. Сонымен қатар оның мансабында «Тобыл» мен Семейлік «Спартак» та болды.

26 жастағы Шмидт Сартаковпен бірге маусымды «Ертіс» командасында бастады, команда үшін ҚПЛ-2020-да екі ойын өткізді. Бұған дейін Өскеменнің тумасы «Ақжайық», «Алтай» және өзінің туған қаласындағы «Восток» клубтарында ойнаған болатын.

«Үзіліс кезінде клуб трансферлік нарықта сапалы жұмыс істеуге тырысты және баға-сапа қатынасы бойынша ойыншыларға қол қойды. Сонымен бірге, командадан кетіп жатқан ойыншыларға алғысымызды білдіреміз, әрі қарай да сәттілік тілейміз. Олармен келісімшартты екіжақты келісім бойынша бұзып жатырмыз», - деді «Оқжетпестің» спорт директоры Ержан Джамбиров.
Метки:
Жаңалықтар