"
Ертіс" клубы қазақстандық жартылай қорғаушы
Нұрбол Жұмасқалиевпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды
Vesti.kz сайты керекулік команданың
баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
35-жастағы футболшымен келісімшарт бір жылға жасалған. Нұрбол Жұмасқалиев 1998 жылдан бері Қазақстан чемпионаттарында өнер көрсетеді. Ол "
Нарын", "
Жетісу", "
Локомотив" (Астана) және "
Тобыл" сынды белді командалардың сапында доп тепкен.
Қазақстан біріншіліктерінде өткізген ойындары мен соққан голдары саны бойынша рекордтық көрсеткіш иегері. Ол 496 ойында 166 рет мергендік танытқан.
Жарнама