Нидерландылық футболшы Қазақстаннан ұсыныс түскенін айтты

Барт Стралман (сол жақта). Фото: ad.nl©
Нидерландылық қорғаушы Барт Стралман Қазақстаннан ұсыныс түскені туралы айтты. Қазіргі уақытта 23 жастағы футболшы франциялық "Гренболь" командасында ойнайды. 

"Норвегиядан оралған соң бірнеше белгісіз клубтар маған ұсыныс жасап кетті. Бірақ оның ешқайсысы нақты келісімшарт бермеді. Оның ішінде Қазақстаннан да ұсыныс болды. Тек сөз жүзінде ғана. Сол үшін мен ол ұсынысты зерттеп көрдім. 

Футболшыға ақшаның маңызды екенін жасырмаймын. Дегенмен ол кезде 23-те едім. Менің көп ақша жасап алуға уақытым да бар еді. Сондықтан мен Қазақстаннан келген ұсыныстан бас тартып, басқа бағытты таңдадым", - деп келтіреді Стралманның сөзін voetbalzone.nl порталы. 

Айта кетейік, бұл қорғаушы карьерасында "Де Графсхап" (Нидерланды), "Сарпсборг" (Норвегия) и "Родез" (Франция) секілді клубтардың намысын қорғаған. Transfermarkt.com оны 200 мың еуроға бағалап отыр. 







Метки:
Жаңалықтар