auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Назарбаев спортты қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Назарбаев спортты қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
Нұрсұлтан Назарбаев спортты қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы спортты қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың сайтында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік футболшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды тоқтатуды жоспарлап отырғаны хабарланған. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың түсіндіруі бойынша, бұл норма Парламент Сенатына қарауға жіберілетін дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне енгізілетін түзетулер қатарында. 

"Мен де қарсымын. Бұл заң арқылы шетелдік легионерлерге бюджеттен төлемді мүлде тоқтатқымыз келеді. Легионерді шақырғың келсе, демеушілер тап, бөлек ақша ізде. Спортқа бөлінген қаржы осылай реттегіміз келді", - деді Қанағатов Әлеуметтік-мәдениеттік даму және ғылым комитетінің Парламент Сенатындағы отырысының үзілісінде. 

Осы арқылы министрлік қаржының көп бөлігі басымдығы бар спорт түрлеріне бөлмек. 

Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков заң жобасы бойынша Қазақстан тарихта алғаш рет министрлік ғимаратын Ұлттық олимпиада комитетіне бертінін айтты. Бұл олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерацияларды дамыту үшін жасалады. 

"Халықаралық деңгейде жетістігіміз бар, 5 критерий бойынша таңдаймыз. Халықаралық деңгейдегі жетістік негізгі болады. Материалды-техникалық база, кадрлық резерв, бапкерлер барына, әр облыста спортшылары болуына, тарихи принцип бойынша, қандай спорт түрлері бізде жақсы және климаттық жағдайға қараймыз. Анықталғаннан кейін қаржыландыру жүреді. Бұл басқа спорт түрлері қаржыландырылмайтынын білдірмейді", - дейді Мұсайбеков. 

"Футболға оралайын. Бюджеттен бөлінген қаржыны толықтай немесе 40-45 пайызын беріп тастау болмайды. Кей облыстарда футболды қаржыландыру үшін 50 пайызын жұмсап отырған. Осы кезде нәтиже бар өзге сопрт түрлеріне зиян келген", - дейді ол. 

Елсияр Канағатов министрліктің басымдығы бар спорт түрлері барлық құрылымдарда болуына қол жеткізгісі келетінін айтады. 

"Мысалы, каноэде ескек есу ОҚО-да басым болса, барлық құрылымда жоқ болмай шығады. Сабақтастық болу керек, балалар мен жасөспірімдерге арналған сопрт мектептерінде қайық пен каноэде ескек есу сыныбы болуы керек, облыстық интернатта, олимпиадалық резерв дайындау орталығы мен жоғары спорт шеберлігі мектебінде бөлім болу қажет", - деп аяқтады Қанағатов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама