КПЛ
8 наурыз 2017 23:16
 
Мынадай алаңда комбинациялық футбол ойнау өте қиын - Алексей Петрушин

  Пікірлер

blog.share

Мынадай алаңда комбинациялық футбол ойнау өте қиын - Алексей Петрушин "Ордабасы" ФК ресми сайтынан

"Ордабасы" - "Астана" кездесуінен кейін шымкенттік команда бас бапкерінің қатысуымен баспасөз маслихаты өтті, деп хабарлайды "Астана" клубының баспасөз қызметі.
            
- Барлықтарыңды бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Барлығы бүгінгі ойынды асыға күткенімен, дәл осындай нәтиже күтпегені анық. Ал ойынға келер болсам, алаңда жоғары деңгейдегі ойын көрдіңіздер дей алмаймын. Мынадай алаңда комбинациялық футбол ойнау өте қиын. "Астана" командасының бүгінгі ойынға қолданған тактикасы бізді қатты таң қалдырды. Біз басқа командаға дайындалғандай күйде қалдық. Біз бүгін ойыншыларымыздың жеңіске деген жігерінің арқасында осындай нәтижеге жеттік. Сол үшін де ойыншыларыма ерекше алғыс айтамын. Егер кез келген ойынға дәл осындай дайындықпен шығып, жеңіске деген жігер танытатын болсақ, нәтиже де жақсы болады. Мен өзіме және командама ылғи да жоғары мақсаттар қоямын. Сондықтан алдағы маусымда үздік нәтиже көрсету үшін барымызды салатын боламыз. Мен осыған дейін айтқанымдай, бізге жанкүйерлердің қолдауы ауадай қажет. Бүгінгі кездесуде олардың қолдауын біз анық сездік, сол үшін де жанкүйерлерге рахмет айтамын!

- Команда сапына жаңадан келген аргентиналық ойыншыға көңіліңіз толды ма?

- Әрине. 33 сағат жол жүріп, кеше ғана ұшып келгеніне қарамастан өте жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

- Самат Смақовтың жарақаты қаншалықты ауыр?

-  Оның Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде белінде кішігірім жарақат болған. Соңғы өткізген "Мақтарал" командасына қарсы ойынның соңында да өзін аздап жәйсіз сезінген еді. Бүгін де алаңда кішігірім қиындықтар туындап, алмастыруды жөн деп таптық. Келесі ойынға болмаса да, одан кейінгі кездесуге Самат дайын болып қалу керек. Бізде дәл қазір қорғаныс шебіндегі ойыншылармен үлкен мәселе туындап отыр. Александр Симчевич, Зоран Рендулич, Самат Смақов, Мұхтар Мұхтаров жарақат алып қалған. Ендігі кезекте командадағы басқа ойыншыларға сенім артқаннан басқа амал жоқ.

- Абдулаи Диакате командамен оқу-жаттығу жиынын өткізбесе де бүгін алаңда үздіктер қатарынан көрінді. Оның командаға оралуын қалай бағалайсыз?

- Ол мені қатты таң қалдырды. Оқу-жаттығу жиындарынан қалыс қалғанына қарамастан, бүгінгі өткізген физикалық тестілеуде ең үздік нәтиже көрсетті. Шынын айту керек, Диакате өз ісінің нағыз шебері.  Осы жағдай мені қатты таң қалдырды. Мен Диакатені алғаш рет 2014 жылы "Спартак" командасында жүргенімде байқаған болатынмын, кейін "Ордабасыда" Артем Касяновпен бірге орталық алаңда доп тепті. Сол кездің өзінде Артемнен қарағанда осы ойыншының ойыны көбірек көңілімнен шыққан еді. Бұл ойыншыны "Ордабасыға" қайта шақыратын мүмкіндік туғанда, мен бірден келістім.

blog.share
"Ордабасы" - "
Астана" кездесуінен кейін шымкенттік команда бас бапкерінің қатысуымен баспасөз маслихаты өтті, деп хабарлайды "Астана" клубының баспасөз қызметі.
            
Жарнама

Живи спортом!