Мұны істеудің қажеті жоқ. Қуат коронавирус және "Орынбор" командасының жағдайы туралы айтты

Сурет "Орынбор" клубының сайтынан алынды.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат коронавирус туралы, "Орынбор" командасының алға қойған мақсаттары мен стадиондағы жанкүйерлер туралы айтып берді. 

"Бізге команданың жағдайы туралы мүлде айтуға болмайды. Бірақ біз жиі тест тапсырып тұрамыз. Өзімді жақсы сезініп жүрмін. Жаттығу мен оқшаулану ойдағыдай өтуде. 

Команда РПЛ-де қалғысы келеді. "Локомотивпен" өткен кездесуде шамалы сәттілік жетіспей қалды. Иә, Ресей біріншілігіндегі ойындарда он пайыз жанкүйер жиналып жатыр. Бірақ, Қазақстандағы жағдайды ескеретін болса, мұны істеудің қажеті жлқ", - деді Қуат Sports True YouTube каналына берген сұқбатында. 

Қайта басталған біріншілікте "Орынбор" ұжымы "Локомотивпен" кездесіп, жеңіліп қалды. Кейін командаға екі техникалық жеңіліс жазылды. 

Қуат болса рестарттан кейін әлі бірде-бір ойын өткізген жоқ. Соңғы рет ол 14 наурыз күні "Спартак" клубына қарсы кездесуге қатысты. 






Метки:
Жаңалықтар