auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мұндай алаңда футбол ойнауға болмайды - Станимир Стойлов

Мұндай алаңда футбол ойнауға болмайды - Станимир Стойлов
"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" командасы 2017 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасының алғашқы турында Шымкентке қонаққа барып, жергілікті "Ордабасы" командасынан 3:0 есебімен жеңіліп қалды.

Ойын соңындағы баспасөз жиынында елордалық ұжымның бас бапкері Станимир Стойлов матч туралы өз ойымен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды "Астана" клубының баспасөз қызметі.

-  "Ордабасы" командасын бүгінгі жеңістерімен құттықтаймын. Алаңға шыққан әр ойыншы өз командасының жеңісі үшін барын салды. Жалпы алғанда, тартысқа толы, жақсы ойын болды. Біз өзімізде болған мүмкіндіктерді сәтті орындай алмадық. Қарсыластарымыз керісінше, өздерінде болған мүмкіндіктерін нәтижелі пайдалана білді. Егер бүгінгі ойынның нәтижесін бір сәтке ысырып қойып айтар болсам, дәл мұндай алаңда футбол ойнауға болмайды. Қазақстан футбол федерациясы алдағы уақытта клубтардың инфрақұрылымын жақсартуды мықтап қолға алмаса, біздің жақын болашақта жақсы нәтижелерге жетуіміз екіталай. Менің ойымша кез келген клубта өте жақсы сападағы алаң жасауға қаржылық мүмкіндік бар. Мынадай сапасыз алаңда футбол ойнай отырып, жақсы ойын көрсету туралы әңгіме айту әбестік болар. Дәл бұлай жалғаса беретін болса, еліміздегі барлық клубтар еурододалардан қалыс қалатын болады. Командалар Түркия мен БАӘ-де оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келгеннен кейін, чемпионаттың алғашқы екі айында сапасыз қосалқы алаңдарда ойын өткізуге мәжбүр.

- Сіздің ойыңызша "Ордабасы" командасы осы маусымда жүлделі орындарға таласа ала ма?

- Команда өткен маусымда ел чемпионатында  4-ші орын алып, Еуропа Лигасында ойнауға жолдама алған еді. Команданың құрамында алға қойған мақсаттарға жету жолында барын салатын тәжірибелі, сапалы ойыншылар жеткілікті.

- Командаңыз екінші ойын қатарынан гол соға алмауда. Мұның себебі неде?

- Бізде шабуыл шебінде кішігірім мәселелер бар. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер болып жатыр. Бірақ, шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жатырмыз. Осы мәселені шешу үшін алда жұмыс жасайтын боламыз. Тағы бір айта кететін мәселе, алаңның сапасыздығы үшін, ойыншыларды көп жазғыра беруге де болмайды.

- Сіздің ойыңызша "Астана" командасының бүгінгі жеңілісіне алаңның сапасыздығы тікелей әсер етті ме?

- Жоқ. Мен ойынның нәтижесі туралы емес, футбол алаңының сапасыздығы туралы айтып отырмын.

- Бүгін негізгі құрамға Абзал Бейсебеков пен Патрик Твумаси неліктен шықпады?

- Абзалдың өткен ойында алған кішігірім жарақаты болды. Ал Патрикке келер болсам, ол алаңға бірінші минуттан араласқанның өзінде бірдеңе өзгереді деу қиын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама