Мұндай алаңда футбол ойнауға болмайды - Станимир Стойлов
"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" командасы 2017 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасының алғашқы турында Шымкентке қонаққа барып, жергілікті "Ордабасы" командасынан 3:0 есебімен жеңіліп қалды.
Ойын соңындағы баспасөз жиынында елордалық ұжымның бас бапкері Станимир Стойлов матч туралы өз ойымен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды "Астана" клубының баспасөз қызметі.
- "Ордабасы" командасын бүгінгі жеңістерімен құттықтаймын. Алаңға шыққан әр ойыншы өз командасының жеңісі үшін барын салды. Жалпы алғанда, тартысқа толы, жақсы ойын болды. Біз өзімізде болған мүмкіндіктерді сәтті орындай алмадық. Қарсыластарымыз керісінше, өздерінде болған мүмкіндіктерін нәтижелі пайдалана білді. Егер бүгінгі ойынның нәтижесін бір сәтке ысырып қойып айтар болсам, дәл мұндай алаңда футбол ойнауға болмайды. Қазақстан футбол федерациясы алдағы уақытта клубтардың инфрақұрылымын жақсартуды мықтап қолға алмаса, біздің жақын болашақта жақсы нәтижелерге жетуіміз екіталай. Менің ойымша кез келген клубта өте жақсы сападағы алаң жасауға қаржылық мүмкіндік бар. Мынадай сапасыз алаңда футбол ойнай отырып, жақсы ойын көрсету туралы әңгіме айту әбестік болар. Дәл бұлай жалғаса беретін болса, еліміздегі барлық клубтар еурододалардан қалыс қалатын болады. Командалар Түркия мен БАӘ-де оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келгеннен кейін, чемпионаттың алғашқы екі айында сапасыз қосалқы алаңдарда ойын өткізуге мәжбүр.
- Сіздің ойыңызша "Ордабасы" командасы осы маусымда жүлделі орындарға таласа ала ма?
- Команда өткен маусымда ел чемпионатында 4-ші орын алып, Еуропа Лигасында ойнауға жолдама алған еді. Команданың құрамында алға қойған мақсаттарға жету жолында барын салатын тәжірибелі, сапалы ойыншылар жеткілікті.
- Командаңыз екінші ойын қатарынан гол соға алмауда. Мұның себебі неде?
- Бізде шабуыл шебінде кішігірім мәселелер бар. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер болып жатыр. Бірақ, шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жатырмыз. Осы мәселені шешу үшін алда жұмыс жасайтын боламыз. Тағы бір айта кететін мәселе, алаңның сапасыздығы үшін, ойыншыларды көп жазғыра беруге де болмайды.
- Сіздің ойыңызша "Астана" командасының бүгінгі жеңілісіне алаңның сапасыздығы тікелей әсер етті ме?
- Жоқ. Мен ойынның нәтижесі туралы емес, футбол алаңының сапасыздығы туралы айтып отырмын.
- Бүгін негізгі құрамға Абзал Бейсебеков пен Патрик Твумаси неліктен шықпады?
- Абзалдың өткен ойында алған кішігірім жарақаты болды. Ал Патрикке келер болсам, ол алаңға бірінші минуттан араласқанның өзінде бірдеңе өзгереді деу қиын.

Жарнама