КПЛ
21 тамыз 2020 18:33
 
Михал Билек "Астана" командасынан кетті ме?

  Пікірлер

blog.share

Михал Билек "Астана" командасынан кетті ме? Сурет "Атсана" сайтынан алынды.

Чех маманы Михал Билек елордалық "Астана" командасының бас бапкері болып қала береді. Кемінде бір матчқа. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет телеграм каналында жазды. 

Тілшінің айтуынша, Билектің командадан кетуі туралы мәселе шешіліп қойған. Бірақ кейін шешім қайта өзгерген. Чех маманына тағы бір матчта команданы басқаруға мүмкіндік берілген. Ол ойын ертең, 22 тамыз күні "Оқжетпес" командасына қарсы өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. 

"Билектің мәселесі шешіліп қойғанына қарамастан, чехиялық маман тағы біраз команданың бас бапкері болып қалуы мүмкін. 

Келісімшарт жасау барысында "Астана" басшыларымен Билек өзара арнайы шартнама жасаған екен. Ол келісім бойынша команда алындағы тапсырма орындалмаса, чех маманы ешқандай өтемақысыз командадан кетуге уәде берген. 

Бірақ қазір Билек сол өтемақыны талап етіп отыр. Тіпті бес жалақы көлемінде өтемақы алуды көздеп отыр. Бапкердің ойынша, дәл қазір маусымға қойылған тапсырма орындалмады деп айтуға болмайды екен. 

Бүгін ккі тарап бір бітімге келіпті. Ол бітім бойынша команда басшылары Билекке бір ойын берген. "Оқжетпеске" қарсы матч. Сол ойынның қорытындысы бойынша, бапкердің болашағы шешіледі. 

Негізі "Астанада" мұндай шешімдер әр 30 минут сайын өзгеріп отырады. Менің ойымша, "Астана" басшылары мұндай шешімді өз бетінше қабылдай алмайды. Сондықтан да "Самұрықтың" рұқсатын күтіп отыр", - деп жазды тілші. 

Еске салайық, 18 тамызда өткен Чемпиондар лигасының ойынында "Астана" командасы сырта алаңда "Динмао-Брест" командасынан жеңіліп турнирден шығып қалды. Енді елордалық команда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнайды. 

Айта кетейік, 55 жастағы Билек "Астана" тізгінін қаңтар айында украиналық маман Роман Григорчук қызметінен кеткенінен кейін ұстады. 

Жарнама

Живи спортом!