"Манчестер Юнайтедтің" ойыншысы Қазақстан біріншілігіндегі алғашқы кездесуін өткізді

Зоран Тошич. Сурет sportbox.ru

Сербиялық жартылай қорғаушы Зоран Тошич "Тобыл" сапындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Танымал футболшы "Тобыл" сапында Қазақстан чемпионатының сегізінші турында "Каспийге" қарсы кездесуде алаңға шықты. Ол 81-минутта Азат Нұрғалиевтің орнына ойынға қосылды. Бұл кездесу "Тобыл" командасы 0:2 есебімен ұтылып жатқан. Бірақ өзіне берілген уақытта Тошич ешқандай қауіпті сәт ұйымдастыра алмады. 

Бұған дейін жартылай қорғаушының денсаулығына байланысты алаңға шықпай жүр деген ақпарат шыққан еді. 

Айта кетейік, Тошич "Тобыл" командасымен  маусымның соңына дейін келісімшарт жасады. Ол "Манчестер Юнайтед" командасымен Англия біріншілігінің чемпионы атанған. Сонымен қатар мәскеулік ЦСКА командасы сапында үш рет Ресей біріншілігінде топ жарған. 

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар