Қызыл қағаз алған Вагнер Лав екі ойынға шеттетілді

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Қазақстан футбол федерациясы Тәртіпті бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша "Қайрат" шабуылшысы екі ойынға шеттелді. 

"Футболдан Қазақстан чемпионаты. Сегізінші тур. "Қайрат" - "Ордабасы" кездесуі. 

Қарсыласқа қарсы дөрекі ойнаған үшін, "Қайрат" командасының шабуылшысы Вагнер Лав екі ойынға шеттетілсін. Шеттетілу мерзімі 2021 жылдың 30 сәуірінен басталады", - делінген ҚФФ таратқан хабарламада. 

Еске салайық, бразилиялық шабуылшы қызыл қағаз алғаннан кейін "Қызыл-Жар" командасына қарсы кездесуге қатыса алмады. Ол ойын 1:1 есебімен аяқталды. Енді ол 8 мамыр күні "Шахтерге" қарсы кездесуге де қатыса алмайды. 

 

Метки:
Жаңалықтар