Кирилл Новиковтың қызметінен қуу туралы шешім әлі нақты қабылданбады. Бірақ мәскеулік команданың басшылары үш бапкер командаға шақыру үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Олар Желько Бувас, Құрбан Бердыев және Дмитрий Парфенов.
"Динамодан" бөлек Бердыевқа алматылық "Қайрат" та ұсыныс тастап отыр. Бұған дейін негізі Бердыев пен "Қайрат" келіссөз жүргізген. Бірақ ол кезде келісімге келе алмаған еді. Дегенмен, ол әлі алматылық командаға баруы мүмкін", - делінген Sport24 таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта "Қайраттың" тізгінін Алексей Шпилевский ұстап жүр. 32 жастағы бас бапкер командаға 2018 жылы келген еді. Ал 68 жастағы Бердыевтің соңғы жұмыс орны "Рубин" болды. Бұл команданы ол 2017-2019 жылдар аралығында жаттықтырды.