Қуаттың командасы 2:7 есебімен жеңілгеннен кейін бас бапкерсіз қалды

Сурет "Химки" сайтынан алынды.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы өнер көрсететін "Химки" командасының бас бапкері Дмитрий Гунько командадан кететін мәлімдеді. 

"Қолдап, жанкүйер болып, сынға алған барлықтарыңызға алғыс айтамын. Мұндай жеңілістен кейін бапкер қызметінен кету керек. "Химкиде" жұмыс істегеніме қуаныштымын. Біраз дүние істеуге тырыстым. Бірақ барлық жоспарымды орындай алдым деп айта алмаймын. Футболшылар мен бапкерлерге де алғыс айтқым келеді. Сіздермен жұмыс істеген маған қызық, әрі ыңғайлы болды", - деп Гунько Instagram парақшасында пост жазды. Бірақ кейіннен ол бұл постты алып тастады. 

Ал бұған дейін Мәскеу облысының спорт министрі Роман Терюшков команданың нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Оның айтуынша, жиналыстан соң бас бапкердің болашағына қатысты шешім қабылдану керек болған. 

Айта кетейік, Ресей біріншілігінің сегізінші турында "Химки" командасы "Краснодармен" кездесіп, 2:7 есебімен жеңіліп қалды. Қазір бұл команда үш ұпай жинап, 15-орында келеді. 

Исламбек Қуат болса "Химки" командасымен қыркүйек айының басында келісімшарт жасады. Бұл команданың сапында қазақстандық футболшы екі кездесуге қатысып үлгерді. 




Метки:
Жаңалықтар