Қуат ресми ресейлік командадан кетті

Сурет "Оренбург" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат "Оренбург" командасынан кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Келісімшарт екі жақты келісім бойынша үзілген. Transfermarkt мәліметі бойынша, негізі Қуаттың командамен 2021 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты болған. 



27 жастағы Қуат "Оренбург" сапына 1 қаңтар күні ауысып, бар болғаны үш ғана кездесуге қатысты. Ол алдағы уақытта "Динамо" клубына ауысуы мүмкін. 

Айта кетейік, биылғы маусымның қорытындысы бойынша "Оренбург" соңғы яғни, 16 орын алып, Ресей біріншілігінен шығып қалды. 

Метки:
Жаңалықтар