27 жастағы футболшының агенті қазір Қуатқа қызығушылық білдірген басқа клубтармен келіссөз жүргізіп жатыр. Келесі маусымнан бастап қазақстандық футболшылар Ресей жерінде легионер болмайды. Сондықтан да келесі маусымда Қуаттың Ресей біріншілігінде қалу мүмкіндігі жоғары.
Ресей біріншілігінің аяқталуына екі тур қалды. Қазір "Орынбор" клубы 24 ұпаймен соңғы орында келеді. Егер келесі турда бұл команда "Зенитпен" тең ойнаса немесе жеңілсе, төменгі дивизионға түсіп кетеді.
Transfermarkt мәліметі бойынша, Қуаттың "Орынбор" клубымен келесі маусымның соңына дейін келісімшарты бар екен. Яғни, 2021 жылдың 30 шілдесіне дейін. Ресейге Қуат бірінші қаңтар күні ауысып, үш кездесуге қатысты.