Қуат қосалқы құрамда қала ма? "Химки" қазақстандық футболшы ойнайтын позицияға тәжірибелі футболшыны сатып алды

Сурет "Химки" сайтынан алынды.
"Локомотив", "Спартак" және Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Глушаков Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсететін мәскеулік "Химки" командасымен келісімшарт жасады,- деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

33 жастағы ресейлік футболшының соңғы клубы "Ахмат" болған еді. Бұл команда сапында ол 2020 жылдың шілдесіне дейін ойнады. Өткен маусымда ол Грозный қаласының командасы сапында 27 кездесу өткізіп, алты гол соқты. 

Айта кетейік, Исламбек Қуат "Химки" сапына қыркүйек айында ауысып, бірнеше кездесуге қатысып үлгерді. Кейін команданың басшылары бас бапкер Дмитрий Гуньконы қызметінен қуып, оның орынына Игорь Черевченконы тағайындады. Жаңа бапкердің бастамасымен "Химки" бірінші ойында "Динамо" командасынан үстем түсті. 

Қазіргі уақытта "Химки" Ресей біріншілігінің тоғызыншы турынан кейін алты ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында келеді. 






Метки:
Жаңалықтар