auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

ҚПЛ мемлекеттік бюджетке тәуелді біріншіліктердің ішінде үштіктің қатарына қосылды

Бізден жоғары тек Сан-Марино біріншілігі ғана тұр.

ҚПЛ мемлекеттік бюджетке тәуелді біріншіліктердің ішінде үштіктің қатарына қосылды
Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы Еуропада мемлекеттік бюджетке тәуелді біріншіліктер арасында үштіктің қатарына қосылды. 

УЕФА-ның таратқан ресми есебі бойынша, 2010 және 2016 жылдар аралығындағы ҚПЛ-дағы клубтардың орташа табысы 105 миллион еуро болған еді. Оның 81 пайызы тұрақты емес, яғни мемлекеттік бюджеттен бөлінген. 11 пайызы демеушілерден түссе, қалған 8 пайызы УЕФА-ның сыйақыларынан түскен. Қазақ футболының трансляциясы мен билеттерден түсетін табыстар айтарлықтай табыс алып келмеген. 

Айта кетейік, тек Сан-Марино құрамасы ғана 82 пайыз мемлекеттік бюжджетке тікелей тәуелді. Үшінші орында Грузия біріншілігі 79 пайызбен жайғасқан. Мұндай қаржыландыру көзі қазіргі уақыттағы біріншіліктерлің деңгей төмен немесе өте төмен деп бағаланады. 

Ең тұрақты біріншілік Кипрдікі екен. Өткен маусымда бұл елдік командалары 46 миллион еуро табыс тапқан. Табыс барлық қаржы көздерінен бірдей түскен. Мысалы, трансляциядан - 23 пайыз, УЕФА-дан - 25 пайыз, билет сатудан - 19 пайыз, демеушілерден - 10, мемлекеттік бюджеттен 23 пайыз табыс түскен. 

Телетрансляциядан ең жоғары табыс Италия біріншілігінде. 51 пайыз. Ал УЕФА-дан түсетін табыстар Гибралтар және Андорра секілді кішкентай елдердің негізгі табыс көзі. 78 пайызды құрайды. Билеттерден табыс түсіру көрсеткіші бойынша Шотландия біріншілігі 37 пайызбен алда келеді. Ал Венгрия мен Македонияда демеушілерден түсетін табыс көп. Ол 65 пайызды құрайды. 

Келесі еурокубоктың маусымда Қазақстан намысын төрт клуб қорғайды. "Астана" ел чемпионы ретінде Чемпиондар лигасында өнер көрсетсе, "Қайрат", "Ертіс" және "Ордабасы" Еуропа лигасында бақтарын сынайды. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар