auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

ҚПЛ. Көшбасшылар сүрінген күн

ҚПЛ. Көшбасшылар сүрінген күн
"Ертіс" ФК ресми сайтынан
Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының 2-ші тур кездесулері өтті. Көшбасшылар "Астана" мен "Қайрат" ұпай жоғалтса, Қызылорданың "Қайсары" жарыс көшін бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Футболдан Қазақстан біріншілігінің екінш турында қостанайлық "Тобыл" өз алаңында "Ақтөбемен" тең түсті.

Затобольскіде өткен ойында есеп ашылмады. Осылайша, қостанайлық команда екі турдан кейін төрт ұпай жинаса, "Ақтөбе" клубы биылғы маусымдағы өзінің бірінші ұпайын қоржындарына салып отыр.

Үшінші турда "Тобыл" көкшетаудың "Оқжетпесіне" қонаққа барса, "Ақтөбе" өз алаңында "Ордабасы" клубын қабылдайды.

"Тобыл" - "Ақтөбе" 0:0



Қызылордалық "Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында өз алаңында "Таразды" қабылдап, жеңіске жетті.

Қызылордада өткен ойын 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Кездесудегі есепті 15 минутта "Тараздың" ресейлік шабуылшысы Руслан Мухаметшин ашса, 35 минутта Владимир Аржанов есепті теңестірді. Ал 71 минутында Саиди Нтибазонкиза "Қайсардың" екінші голын соғып, "Қайсарға" жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, бұл "Қайсардың" биылғы маусымдағы қатарынан екінші жеңісі. "Тараз" болса биылғы маусымда бірінші рет жеңілді.

Келесі турда қызылордалық команда "Шахтерге" қонаққа барса, "Тараз" өз алаңында алматылық "Қайрат" клубын қабылдайды.

"Кайсар" — "Тараз" 2:1 (0:1)
Голдар: Мухаметшин 15 (0:1), Аржанов 34 (1:1), Нтибазонкиза 71 (2:1)
Алаңнаң қуылды: Горбанец 81



Өткен жылғы ел біріншілігінің чемпионы "Астана" биылғы маусымдағы бірінші ұпайына қол жеткізді. Елордалық клуб сырт алаңда "Ертіспен" тең түсті.

Павлодарда өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтағы есепті 14 минутта "Астананың" жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков ашса, 30 минутта "Ертістің" украиналық қорғаушысы Евегий Ткачук теңестірді. Осылайша матч аяқталды.

Екі турдың қорытындысы бойынша "Ертістің" еншісінле төрт ұпай болса, "Астана" болса бір ғана ұпай жинап тұр.

Айта кетейік, келесі турда  "Астана" елордада "Ақжайықты" қабылдаса, "Ертіс" "Атырауға" қонаққа барады.

"Ертіс— "Астана» 1:1 (0:1)
Голдар: Мужиков 14 (0:1), Ткачук 30 (1:1)



Шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында "Атырауды" қабылдап, тең ойнады.

Шымкентті өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Кездесудегі есепті 89 минутында Юре Обшивач ашса, 90+1 минутта Мардан Төлебек тағы да айып добып сәтті орындап, есепті теңестіріп кетті.

Осылайша, екі турдан кейін "Ордабасы" екі ойыннан кейін төрт ұпай жинаса, "Атырау" бірінші ұпайын иеленді.

Айта кетейік, келесі турда шымкенттік клуб үшінші турда "Ақтөбеге" қонаққа барса, "Атырау" өз алаңында "Ертісті" қабылдайды.

"Ордабасы" — "Атырау" 1:1 (0:0)
Голдар:
Общивац 83 (0:1), Төлебек 90+4 (1:1)



Қазақстан Премьер-Лигасының екінші туры аясында Алматының орталық стадионында жергілікті "Қайрат" көкшелік "Оқжетпес" командасын қабылдады.

Ойынның 19-шы минутында "Оқжетпес" футболшысы Александр Козлов "Қайрат" қақпашысы Владимир Плотников қорғаған қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді. Арада 15 минут өткенде Жарко Маркович бұрыштамадан көтерген допты басымен қақпаға тура бағыттап, таразы басын теңестірді. 53-ші минутта "Қайраттың" қорғаушысы Елдос Ахметов қарсыласына қарсы ереже бұзып, алаңнан қуылған. Екінші таймда алаңға тыңнан қосылған Андрей Аршавин 83-ші минутта гол соғып, командасына алға шығарған болатын. Алайда қосымша уақытта ойынның бас төрешісі алаң иелерінің қақпасына 11-метрлік айыпдобын белгіледі. Нүктеге келген Волков мүлт кетпеді.

"Қайрат" (Алматы) - "Оқжетпес" (Көкшетау) 2:2

Голдар: Козлов 19', Маркович 34', Аршавин 83', Волков 90'

Алаңнан қуылды: Ахметов 53'



"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында өз алаңында "Шахтерді" қабылдап, ірі есеппен жеңді.

Оралда өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Матчтағы бірінші голды кездесудің екінші минутында алаң қожайындарының чилилік шабуылшысы Рубио Костнер ашты.

Ойынның жетінші минутында "Ақжайықтың" нигериялық шабуылшысы Изу Азука пенальтиден есепті еселесе, 69 минутында "Шахтер" шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов есепті қысқартты. Бірақ ойынның нүктесін оралдық команда ойыншылары қойды. 71 минутында Изу Азуки екінші голын соқты.

Бұл "Ақжайықтың" биылғы маусымдағы бірінші жеңісі. Осылайша оралдық команда үш ұпай жинап отыр. Ал "Шахтер" болса бірінші жеңілісіне ұшырады. Қазір қарағандылық команданың еншісінде бір ғана ұпай бар.

Айта кетейік, келесі турда "Ақжайық" "Астанаға" қонаққа баратын болса, "Шахтер" өз алаңында "Қайсарды" қабылдайды.

"Акжайык" — "Шахтер" 3:1 (1:0)
Голдар: Рубио 2 (1:0), Азука 8 (2:0), Тәжімбетов 69 (2:1), Азука 72 (3:1)

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама