ҚПЛ 3 тамызда бастала ма? Қазақстанда карантин режимі қалай жеңілдейтіні айтылды

Сурет "Астана" клубының сайтынан алынды.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, карантин режимінің жеңілдеуіне коронавирус жұқтырғандар саны мен COVID-19-дан қайтыс болғандардың деңгейі мен төсек-орындардың аптасына 70 пайыз ғана толуы әсер еткен екен. 

Мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға, сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға рұқсат беріледі. 

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы ҚР мәдениет және спорт министрлігімен ел біріншілігін 3 тамыз күні бастап кетуді келіскен болатын. Ойындардың барлығы бір локацияда өтуі мүмкін. 



Метки:
Жаңалықтар