Vesti.kz оқырмандарының пікірі бойынша Қазақстан Премьер Лигасының он бірінші турының үздік голы анықталды.
Сауалнама нәтижесі бойынша, "Ордабасы" клубының қорғаушысы Пабло Фонтанеллоның "Ақжайық" қақпасына (3:0) соққан голы үздік деп танылды. Аргентиналық футболшыға сауалнамаға қатысқандардың 57 пайызы өз дауыстарын берген.
Екінші сатыға 19 пайыз дауыс жинаған Бауыржан Тұрысбек жайғасты. "Қайраттың" шабуылшысы сырт алаңдағы "Атырауға" (1:2) қарсы кездесуде әдемі гол соққан болатын.
Үздік үштікті "Ақтөбенің" бразилиялық футболшысы Витор Жуниордың "Қайсарға" соққан голы түйіндеді.

Жарнама