КПЛ
19 наурыз 2017 14:24
 

Команданың атынан жеңіліс үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын - Асланбек Кәкімов

  Пікірлер

blog.share

Команданың атынан жеңіліс үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын - Асланбек Кәкімов "Ақтөбе" ФК ресми сайтынан

"Ақтөбе" командасының жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші туры аясында шымкенттік "Ордабасыға" қарсы өткен ойын (0:1) жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

- Асланбек, бүгін өз алаңымызда алғашқы ойын өткізіп, қарсыласқа есе жібердік. Не себепті жеңілдік? Қандай факторлар әсер етті?

- Өздеріңіз көрдіңіздер, ойын барысында біз толықтай басымдыққа ие болдық. Допқа иелік ету болсын, қауіпті сәттер болсын, қақпаға соққы жағынан болсын біз қарсыластан басым болдық. Алайда шабуылда соңғы нүктені қоя алмадық. "Ордабасының" алаңына дейін барып, біршама мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Соғылған голға келер болсам, қарсылас біздің бір қателігімізді пайдаланып кетті.

- Команда қысқа пастармен жақсы ойын көрсетті, бірақ алыстан соққы жасаулар аздау болып жатыр. Не себепті алыс қашықтықтан соққылар жасалмай жатыр?

- Бапкер де нұсқау бергенде қақпаға көбірек соққы жасауымызды талап етеді. Қос қапталдан жақсы пастар болды, бірақ алыстан соққы аз жасалды.

- Бүгінгі төреші жайлы не айтасыз?

- Төрешінің жұмысына пікір білдіргім келмейді. Бірақ жанкүйерлерге қарата бір ауыз пікір білдіргім келеді. Бүгінгі жеңіліс үшін бүкіл команданың атынан, өз атымнан жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Алдағы уақытта тек жеңістермен қуанта береміз деп үміттенем. Ойынымыз бар, тек енді бап пен бақ қатар шапса, әлі-ақ жеңісті күндер қайта келетініне сенімдімін.

blog.share
"Ақтөбе" командасының жартылай қорғаушысы
Асланбек Кәкімов Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші туры аясында шымкенттік "Ордабасыға" қарсы өткен ойын (0:1) жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

- Асланбек, бүгін өз алаңымызда алғашқы ойын өткізіп, қарсыласқа есе жібердік. Не себепті жеңілдік? Қандай факторлар әсер етті?

- Өздеріңіз көрдіңіздер, ойын барысында біз толықтай басымдыққа ие болдық. Допқа иелік ету болсын, қауіпті сәттер болсын, қақпаға соққы жағынан болсын біз қарсыластан басым болдық. Алайда шабуылда соңғы нүктені қоя алмадық. "Ордабасының" алаңына дейін барып, біршама мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Соғылған голға келер болсам, қарсылас біздің бір қателігімізді пайдаланып кетті.

- Команда қысқа пастармен жақсы ойын көрсетті, бірақ алыстан соққы жасаулар аздау болып жатыр. Не себепті алыс қашықтықтан соққылар жасалмай жатыр?

- Бапкер де нұсқау бергенде қақпаға көбірек соққы жасауымызды талап етеді. Қос қапталдан жақсы пастар болды, бірақ алыстан соққы аз жасалды.

- Бүгінгі төреші жайлы не айтасыз?

- Төрешінің жұмысына пікір білдіргім келмейді. Бірақ жанкүйерлерге қарата бір ауыз пікір білдіргім келеді. Бүгінгі жеңіліс үшін бүкіл команданың атынан, өз атымнан жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Алдағы уақытта тек жеңістермен қуанта береміз деп үміттенем. Ойынымыз бар, тек енді бап пен бақ қатар шапса, әлі-ақ жеңісті күндер қайта келетініне сенімдімін.

Жарнама

Живи спортом!