"Қиын таңдау болғанын білемін". ЦСКА директоры қазақстандық футболшының трансфері туралы

Сурет ЦСКА сайтынан алынды.
Мәскеулік ЦСКА командасы Бахтиер Зайнутдиновтің командасы сапындағы бірінші күніне арналған видеоблогта Қазақстан құрамасы мен клубтың бас директоры Роман Бабаев туралы әңгімені көрсетті. 

Бас директор Зайнутдиновтің ЦСКА командасын таңдағанын қолдап, шешімнің оңай болмағанын айтты. 

"Баха, сәлем. Біздің командаға қош келдің. Өте қуаныштымыз. Бірге көп нәрсе жеңетінімізге сенімдімін. Талай жақсы матчтар болады. Дұрыс таңдау жасадың. Оған сенімді бол. Бірақ қиын таңдау болғанын білемін", - деді Бабаев. 



Зайнутдинов ЦСКА сапындағы бірінші кездесуін командаға ауысқаннан кейін ертесіне өткізді. Мәскеулік команда бұл ойында "Краснодар" командасымен кездесті. Отандасымыз матчтың 54-минутында шабуылшы Федор Чаловтың орнына келді. Ал ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, Зайнутдинов 2019 жылдың басында "Ростов" сапына ауысқан болатын. Бұл команда сапында жартылай қорғаушы 35 кездесуге қатысып, төрт гол және екі нәтижелі пас берді.




Метки:
Жаңалықтар