"Баха, сәлем. Біздің командаға қош келдің. Өте қуаныштымыз. Бірге көп нәрсе жеңетінімізге сенімдімін. Талай жақсы матчтар болады. Дұрыс таңдау жасадың. Оған сенімді бол. Бірақ қиын таңдау болғанын білемін", - деді Бабаев.
Зайнутдинов ЦСКА сапындағы бірінші кездесуін командаға ауысқаннан кейін ертесіне өткізді. Мәскеулік команда бұл ойында "Краснодар" командасымен кездесті. Отандасымыз матчтың 54-минутында шабуылшы Федор Чаловтың орнына келді. Ал ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Айта кетейік, Зайнутдинов 2019 жылдың басында "Ростов" сапына ауысқан болатын. Бұл команда сапында жартылай қорғаушы 35 кездесуге қатысып, төрт гол және екі нәтижелі пас берді.