ҚФФ спорт министрлігімен ел біріншілігін бір қалада өткізуге келісті

Сурет: "Қайрат" ФК
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтхожин мен ҚР мәдениет және спорт министрлігі ел біріншілігін қайта бастау туралы мәселеге қатысты видеобайланыс арқылы келіссөз жүргізді, деп хабарлайды федерациясының ресми сайты. 

Екі тарап жастар мен жасөспірімдер арасындағы турнирді өткізу мүмкін емес деген шешімге келді. Сонымен қатар кәмелет жасқа толмаған көптеген футболшылар ойнайтын Екінші лига да жақын арада басталмайтыны туралы айтылыпты. 

ҚФФ мен ҚР мәдениет және спорт министрі ҚПЛ мен футзалдан ел біріншілігін бір жерде өтзкізу турады жобаны талқылады. Мұндай жағдайда клубтар ешқайда жол жүрмей, вирус жұқтыру мүмкіндігі азаяды. Әр команда бір қонақ үйден таңдап, футболшылардың сол жерде карантиндік шараларды сақтап тұруына жауапкершілікті алады. 

Жақын арада Чемпиондар лигасымен Еуропа лигасы және Ұлттар лигасының басталуына байланысты спорт және мәдениет министрлігі денсаулық министрлігіне хабарласып, ел біріншілігін қайта жалғастыруға рұқсат сұраған. 

Сондай-ақ Айтхожин Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшыларымен және ҚФФ төрешілер департментімен де ақылдасқан. Онда олар ел біріншілігін бір жерде туралы мәселеге қатысты ақылдасқан. 







Метки:
Жаңалықтар