auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

ҚФФ Еуропа лигасынан шеттетілген "Ордабасы" клубының жағдайына байланысты пікір білдірді

ҚФФ Еуропа лигасынан шеттетілген "Ордабасы" клубының жағдайына байланысты пікір білдірді
Сурет "Орадабасы" клубының ресми сайтынан алынды.
Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификация) және аттестациялау департаментінің директоры Ержан Мұсабеков "Ордабасы" (Шымкент) футбол клубына" УЕФА тарапынан қабылданған шешімін түсіндірді, деп жазды ҚФФ

"УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» негізіне сәйкес УЕФА клубтық турнирлеріне сертификат алу үшін 31 наурызға дейін келісімшарт немесе құқықтық міндеттер күшінде қызметкерлер алдында (өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап) әлеуметтік қорлар мен салықтық органдар алдында кредиторлық қарыздары болмауы тиіс. (52-бап, 1-пункт – "Лицзензиялау және қаржылық фэйр-плэй бойынша "УЕФА" ережесі).

"Ордабасы" футбол клубынд 2018 жылдың 31 наурызына дейін мерзімінен өткен кредиторлық қарыз болды. Олар қарызды бақылау уақыты өткеннен кейін 2018 жылдың 1 сәуірінде төлеген. Осы жағдайға байланысты Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификация) және аттестациялау департаментінің тарапынан УЕФА-ның тиісті органдарына "Ордабасы" футбол клубына қатысты Сертификатты берудің мүмкіндігі мен заңдылығы жөнінде сұраныс жіберілді.

УЕФА-ның клубтарды лицензиялау бөлімі өз хатында "Ордабасы" футбол клубына бақылау уақытынан кейін қарыздардың өтелгеніне қарамастан Сертификат беруден бас тарту қажет екені түсіндірілді.

Сонымен қатар, УЕФА-ның клубтарды лицензиялау бөлімі өз жауабында ережеге сәйкес, еуропалық турнирлерге спорттық принцип бойынша жолдама алып, УЕФА клубтық жарыстарына жіберілмеген (УЕФА лицензиясын алмаған) қатысушыны Премьер-лиганың финалдық кезеңінің турнирлік кестесіндегі келесі клубтың ауыстыратыны көрсетілген. Алайда, алмастырушы клуб "Лицзензиялау және қаржылық фэйр-плэй бойынша «"УЕФА" ережесінің барлық талаптарына сай болуы тиіс. 2017 жылғы Премьер-лига командалары арасында Қазақстан Чемпионатының қорытындысы бойынша бұл орын "Тобыл" (Қостанай) командасына тиесілі.

Сертификация комиссиясы бұл мәселені қарастырып, шешім шығаруда "Лицзензиялау және қаржылық фэйр-плэй бойынша "УЕФА" ережесінің талаптарына толықтай сүйенді.

Қазіргі таңда УЕФА-ның қаржылық органының бақылауында екі қазақстандық клуб тұр. Олар - "Астана" және "Ертіс" футбол клубтары.  УЕФА тарапынан қаржылық "фэйр-плэй" талаптарына сәйкес келмеген кез келген жағдай бойынша Қазақстан футбол федерациясы жедел түрде санкция қолданады.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама