ҚКФЛ таратқан ақпарат бойынша, қазіргі уақытта бұл ойынға букмекерлік кеңселердің берген коэффиценттері қаралып жатыр екен. Сонымен қатар, матчтың Live режиміндегі коэфиценттер де тексеріледі. Одан бөлек, матчтың видео жазбасы қайта қаралып, ойынның ресми өкілдерінен де тексеріс жүреді.
Кездесу футболда сирек кездесетін есеппен аяқталды. "Қызылжар" командасының жастары 9:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу барысында үш автогол соғылды.
Бұл топта енді бір ғана ойын қалып отыр. "Қызылжар Ж" командасы мен "Рузаевка" арасындағы. Егер аталған ойында петропавлдық команда жеңіске жететін болса, онда олар доп айырмашылығы бойынша "Тобыл М" командасынан озып, топта бірінші орын алады.