Негізі 25 жастағы футболшы "Қайратпен" келісімшарт жасауы керек болған. Бірақ ол шет елде өнер көрсеткісі келіп, Ресейге кеткен.
Бұған дейін Рудосельский Израильдің бірінші лигасында ойнайтын "Хапоэль" (Петах-Тиква) командасында ойнаған еді.
Бірнеше күн бұрын қорғаушы Шымкент қаласында дайындалып жатқан "Қайсар" командасының қатарында жаттықты. Қызылордалық клуб оны 2020 жылғы маусымға қатысатын футболшылардың қатарына да қосқан еді. Дегенмен де, ол бәрібір Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын командамен келісімшарт жазбады.
Бізде бар мәліметтер бойынша, қорғаушыға "Тамбов" ұсыныс жасаған екен. Өткен маусымда бұл клуб 14 орын алып, Ресей біріншілігіндегі орнын сақтап қалды.
Айта кетейік, Рудосельский карьерасын "Қайрат" сапында бастап, бұл клубта 2014 және 2017 жылдар аралығында ойнады. 2018 жылы ол "Жетісуға" ауысып, сосын Израильге кетіп қалды. Өткен маусымда ол "Оқжетпес" сапында өткізіп, 11 кездесуде бір гол соқты.
Сондай-ақ, Рудосельский Қазақстан жастар құрамасы сапында ойнап, құраманың капитаны болды. 2018 жылы ол ұлттық құрамаға шақырту алды.