auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық командалар Халктың деңгейіндегі футболшыны сатып алуға қауқарлы - "Тобылдың" бас бапкері

Қазақстандық командалар Халктың деңгейіндегі футболшыны сатып алуға қауқарлы - "Тобылдың" бас бапкері
Омари Тетрадзе. "Тобыл" ФК ресми сайтынан
Қостанайлық "Тобыл" клубының бас бапкері Омари Тетрадзе Sportsdaily.ru сайтына берген сұхбатында Қазақстан чемпионаты жайлы,  "Қайраттың" футболшысы Андрей Аршавиннің ойыны туралы және Ресей мен Қазақстан біріншіліктерін біріктіру жөнінде айтып өтті.

- Қазақстан біріншілігіндегі ең танымал ресейлік футболшы - ол "Қайратта" доп тебетін Андрей Аршавин…

- Иә, Қазақстанда осындай жоғары дәрежедегі футболшына қатарына қоса алатын тек екі клуб бар. Олар - "Қайрат" пен "Астана". Андрей - кәсібіне берілген нағыз кәсіпқой футболшы. Алматылықтар оны командасына қосып, жаңылыспады. Қазіргі таңда Аршавин ел біріншілігіндегі үздік ойыншылардың бірі. Оның үстіне, "Қайраттың" ойыны Аршавиннің төңірегінде құрылады.



- Қазақстандағы футбол клубтарының қаржылық жағдайы қандай?

- Клубтар жергілікті бюджетке тәуелді болғандықтан, әрбір тиынды саналы түрде жұмсайды. Қазақстанда тек екі жекеменшік команда бар - "Қайрат" және "Астана". Бұл ұжымдардың президенттері өз қалтасынан қаржы шығарады (ескерту Vesti.kz - шын мәнісінде тек "Қайрат" жекеменшік клуб, ал "Астананың" демеушісі "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры). Ал өзге командалар жергілікті бюджетке тәуелді.



- Қазақстанда Халктың деңгейіндегі футболшыны сатып алатын клуб бар ма? Мысалы қазіргі Қытай футболын бес-алты жыл бұрын осындай дәрежеге көтеріледі дегенге ешкім сенбеген еді.

- Неге сатып алмасқа? Бәрі мүмкін. Қаржылық тұрғысынан ешқандай қиындық жоқ. Мәселе кім алғаш болып мұндай қадамға баратынында. Бұны ертегі деп қарамау қажет.



- Жуырда Валерий Газзаев Қазақстан және Ресей біріншіліктерін қосу туралы бастама көтерген болатын.

- Иә, оқыдым. Әрине, әркім өз ойын айтуға құқылы. Алайда бұл іс жүзінде қалай болмақ?

Мысалы егер де қос чемпионатты біріктірсе, Қазақстанның атынан неше ұжым бақ сынайды? Қазақстанның жоғарғы дивизионында облыс атынан өнер көрсететін 12 тұрақты ұжым бар. Оған қоса, Бірінші лигада 3-4 команда жақсы ұйымдастырылған, болашағынан көп нәрсе күтуге болады. Әр команданың жанкүйерлері бар. Олардың да мұндай чемпионатқа деген қандай көзқараста екенін ескеру қажет. Бұл Қазақстанның да, Ресейдің де біріншіліктеріне байланысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама